«Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «20 қараша – Халықаралық балаларды қорғау күнін» атап өту жөніндегі «Бала құқығы – адам құқығы» атты іс-шаралар жоспарын бекіткенін хабарлайды.
Жоспарланған іс-шаралар барысында «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» тақырыбында аумақтық блоктардағы көшбасшы балалармен пікір алмасулар және «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республиканың үкіметтік емес ұйымдарымен онлайн-диалог алаңдарының жұмысы ұйымдастырылатын болады.
Халықаралық балаларды қорғау күні аясындағы іс-шаралар санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізіледі.
Бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар ағымдағы жылдың 20 қарашасында қорытындыланады.