Байдыбек ауданы білім бөлімі
» » Балалар өкілдіктері туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
» » Балалар өкілдіктері туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Балалар өкілдіктері туралы ХАБАРЛАНДЫРУ


    ХАБАРЛАНДЫРУ!


    «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2020 жылғы 1 қазандағы №07/2861 санды хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2020 жылғы                25 тамыздағы «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерінің жұмысы бойынша Ережені бекіту туралы» №57н бұйрығына сай ағымдағы жылдың 01-07 қазан аралығында конкурстық тәсілмен Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін айқындау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлайды.

    Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:

    1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

    2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу;

    3) балалардың, қоғамның және мемлекеттік игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.

    Негізгі міндеттер:

    1) балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;

    2) балалар бірлестігін, балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жобалық қызметті мемлекеттік қолдау бойынша бастамалар енгізу;

    3) балалардың өзекті мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға балалардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін тарту;

    4) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына сәйкес балалар ортасында жоғары адамгершілік-рухани және құқықтық мәдениетті, патриоттық сезімді, азаматтық жетілуді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.

    Сайлау білім беру ұйымдары ұсынған балалардың қатысуымен конкурстық негізде өтеді.

    Байқау 3 кезеңнен тұрады:

    1. «Тұлғалық таныстыру» (кандидаттың жеке басын таныстыру);

    2. Кандидат бағдарламасының тұсаукесері;

    3. Брифинг (кандидаттарға сұрақтар).

    Іскерлік ойынның үш кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткер аудан балаларының өкілі болып тағайындалады.

    Аталған шараға кез-келген жалпы білім беру ұйымдарынан сайлау арқылы жеңімпаз деп танылған оқушылар аудандық деңгейдегі «Балалар өкілдігіне» кандидаттыққа түсе алады.

    Қосымша ақпарат алу үшін Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Т.Тасболатов көшесі №1 мекен-жайға «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолығу сұралады.

    Байланыс телефоны: 8 (72548) 2-15-52; 87056641045


    Похожие новости
  • Хабарландыру
  • Конкурс жариялайды
  • Конкурс туралы хабарландыру
  • Жалпы халықтық диктант қорытындысы туралы
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЗАМАНАУИ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    12 февраль Конкурс жариялайды

    12 февраль Конкурс жариялайды

    12 февраль Конкурс жариялайды

    Жаңалықтар топтамасы