Түркістан облысы бойынша кәмелетке толмаған балалар арасындағы өзіне-өзі қол салу, оларға қатысты зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық фактілері көбейіп, қоғам арасында резонанс тудыруда.
Аталған мәселелердің алдын алу бойынша Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының тапсырмасына сәйкес, «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық бұрышына жедел әрекет ету ақпараттық баннері қойылды. Сондай-ақ, аталған ақпараттық баннердің үлгісі барлық білім беру мекемелеріне таратылып, жұмыстар жүргізуге тапсырма берілді.