Байдыбек ауданы білім бөлімі
» » Жолдауда айтылған мәселелерді іске асыру
» » Жолдауда айтылған мәселелерді іске асыру

    Жолдауда айтылған мәселелерді іске асыру


            Жолдауда айтылған мәселе іске асырылумен маңызды

                                 Дарындыларға жол ашу-басты міндет

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы қыркүйектің 2-сінде «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Дарынды ауыл жастарын іріктеп,отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды балалардың қабілетін дамытудың»жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға,жазғы лагерьлерге баруына мүмкіндік жасау керек» деген айшықты міндеттер жүктеді.

        Міне, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің дарынды балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруына мүмкіндік жасау туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігі қызметін әлеуметтік салада жүзеге толық асыратын және дарынды балалардың жолдауда атап көрсеткендей үйірмелер, орталықтар мен жазғы лагерлерге барынша баруына мүмкіндік жасайтын, сол сияқты дарынды ауыл жастарына қосымша білім беруді және оларды отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарына дайындауды жүзеге асыратын «Шаян саз және өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр.

       Жоғарыда аталған мектептен тыс қызмет атқаратын кәсіпорынның негізгі бағыттары-дарынды балалардың үйірмелер мен орталықтарға жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасау, жалпы ұлттық-патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру. Соның ішінде, жас тұлғалардың шығармашылық құзыреттіліктері үздіксіз білім мен тәрбиедегі өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру болып табылады.

        Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүргізу арқылы жаз мезгілінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан дарынды жасөспірімдерді, жетім балаларды сауықтыру мақсатында жаз айларында лагерьлерде демалысты ұтымды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру зор мәнге ие. Осы мақсаттағы бірінші міндет ол-бюджеттен сұратылатын төлемдер – операциялық шығындарды өтеу болып табылады. Қызығушылық білдірген әлеуметті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары: Әлеуетті жеке әріптес заңының 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек.

       Жоспарланған МЖӘ жобасы бойынша іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осындай жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы баламалы ұсынысты өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып ұсынады.Оның ішінде: 

    - әлеуетті жекеше әріптестің атауы және мекенжайы;

    - заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

    - мемлекетке тиесілі (заңды тұлғалар үшін)азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);

    - объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі құқықтарды растайтын құжаттарды;

    - әзірленген МЖӘ тұжырымдама жобасы.

       Осы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдірген тұлға қажетті құжаттарды мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет. 2021 жылғы қаңтар айының 20 жұлдызынан кешіктірмей Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Т.Тасболатов көшесі №1 үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс телефоны: 8 (72548) 2-15-52.

    Түркістан облысы Бәйдібек аудандық білім бөлімі.


    Похожие новости
  • "20 қараша – Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесін атап өту
  • Балалар өкілдіктерін құру жұмыстары жүргізілді
  • Балалар өкілдіктері туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
  • «Отбасы-бақыт мекені» атты аудандық ата-аналар форумы
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЗАМАНАУИ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    12 февраль Конкурс жариялайды

    12 февраль Конкурс жариялайды

    12 февраль Конкурс жариялайды

    Жаңалықтар топтамасы