Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 2-тарау 5-тармақшасына сәйкес Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанынан Қамқоршылық кеңесін құру жоспарлануда. 2021 жылдың ақпан айының 9 жұлдызында "О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Қамқоршылық кеңес құрамына ұсыныстар мен келісімдерді қабылдау мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізіледі. "О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанынан құрылатын Қамқоршылық кеңес құрамына сайланамын деуші үміткерлерге есік ашық.