Байдыбек ауданы білім бөлімі
» » «Отбасы-бақыт мекені» атты аудандық ата-аналар форумы
» » «Отбасы-бақыт мекені» атты аудандық ата-аналар форумы

    «Отбасы-бақыт мекені» атты аудандық ата-аналар форумы


     2017 жылдың 12 мамыры күні аудан орталығы Шаян ауылындағы «Мәдениет сарайында» қоғамдық талаптарға сай тұлға тәрбиелеу, үйлесімді,  жан-жақты  дамыған,  рухани-адамгершілік  қасиеттері  бар, таңдау жасау жағдайында өздігінен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық  қарым-қатынасқа  қабілетті,  елінің  тағдыры  үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік  Ел  болу  жолындағы  ұлы  істерге  белсенді  қатысатын  адам қалыптастыруға, ата-аналар қауымын бала  тәрбиесін  дамыту қызметіне белсенді түрде тарту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» атты аудандық ата-аналар форумы өткізілді.
     Жоспарға сай аудандық форумға аудан әкімі, Б.Танагузов, аудан әкімі аппараты, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, ауыл округіндегі қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар комиттерінің төрағалары, ата-аналар, жалпы 500 адам контингент түгел қатыстырылып, ата-аналарға арналған құқықтық лездемелер таратылды.
     Мәдениет сарайының фойесіне оқушылардың шығармашылығымен жасалған композициялы қолөнер көрмелері қойылды.  
     Мәдениет сарайы тақырыпқа сай безендіріліп, форумның ашылуында «Бала жүрегін үңілсек...» атты видеоролик көрсетілді. Оқушылардың қатысуымен әдеби монтаж орындалып, «Өмір сабақтары» тақырыбымен көрініс қойылды.
     Форум бағдарламасына сәйкес аудандық білім бөлімінің басшысы Құлымбет Ақбала Аманбайқызы баяндама жасап, қазіргі жаһандану заманындағы бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі туралы ой қозғады. Республика, облыс, аудан көлемінде жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз жағдайларға статистикалық мәліметтер келтірді. Жаз мезгіліндегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қабылданған шаралар мен ата-ана міндеттері туралы баяндады.
     Жарыссөзде аудан әкімі Б.Танагузов, облыстық білім басқармасының бас маманы Ә.Биболова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков, аудандық «Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары Б.Төлешовтер сөз алып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алар орны, жалпы ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғап, өмір тәжірибелерімен бөлісті.
     Форумды аудандық білім бөлімінің басшысы А.Құлымбет қорытындылап, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағалығына  ардагер ұстаз Әтірбек Бақтайбекұлы мен кеңес мүшелеріне ұсыныс етті. Форумға қатысушылар келісімімен аудандық ата-аналар кеңесінің төрағалығына сайланған Әтірбек Бақтайбекұлы ата-аналарға арналған үндеу жариялады. 







    Похожие новости
  • Менің ағашым-менің болашағым
  • Жалпы халықтық диктант қорытындысы туралы
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЗАМАНАУИ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
  • «Абай даналығы» жобасы
  • Рухани жаңғыру» бағдарламасынның аясында

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    06 май Конкурс жариялайды Саз мектебі

    06 май Конкурс жариялайды

    09 апрель Хабарландыру

    Жаңалықтар топтамасы