Байдыбек ауданы білім бөлімі
» » «Өнерлі ұстаз-2016» өнер байқауы
» » «Өнерлі ұстаз-2016» өнер байқауы

    «Өнерлі ұстаз-2016» өнер байқауы


     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында   аудандық «Өнерлі ұстаз-2016» өнер байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Өнер байқауы 3 кезеңнен, 4 шарт бойынша жоспарланып, мектепішілік іріктеу кезеңінен үздік деп танылған 49 мұғалім байқаудың аудандық іріктеу  кезеңіне жолдама алды.
       Байқау өткізілетін орындар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына сәйкес безендіріліп, байқауға қатысушылар Тәуелсіздікті дәріптеу мақсатында әннен шашу шашып, би биледі. Әділқазылардың бағалауы бойынша аудандық кезеңге 14 мұғалім  (М.Әуезов мектебінен М.Әбдіразақова, Домалақ ана мектебінен Г.Орманова, Ж.Жолдасбеков мектебінен М.Есбергенова, Қ.Сәтбаев мектебінен Н.Есенбекова, Бөген мектебінен Б.Хантемирова, Шаян мектебінен Ж.Аязбаева, Қайнар мектебінен Ш.Әлжанов, Есіркеп батыр мектебінен Б.Райымқұлов, С.Ерубаев мектебінен Г.Есентаева, Майбұлақ мектебінен А.Қалықұлова, №1 мектеп-интернатынан Г.Сейдахметова, Л.Өтешов мектебінен Б.Тұрғанбекова, Күлтөбе мектебінен А.Көбеева, Ы.Алтынсарин мектебінен Д.Тұрымбекова) жолдама алып,  №1 жалпы орта мектеп-интернатының базасында байқаудың аудандық кезеңінде өнер сайысты. Мұғалімдер байқаудың 4 шарты (1.Өзін-өзі таныстыру. 2.Сабақ жүргізу барысындағы тиімді әдіс-тәсілі. 3.Өнер сайысы. 4.Өзінің сүйікті ақынының шығармаларынан үзінді оқу) бойынша өнерлерін көрсетіп, байқаудың қорытындысында жоғары балл жинаған М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі М.Әбдіразақова 1 орынды иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Тиісінше №1 жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Г.Сейдахметова, Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Аязбаева 2-орынды, Домалақ ана атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Г.Орманова, Қайнар жалпы орта мектебінің мұғалімі Ш.Әлжановтар жүлделі 3-орынды иеленді. Жүлделі орынды иеленген мұғалімдер аудандық білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталып, байқау соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 


    Похожие новости
  • Мектеп сайттары
  • Ардагер ұстаз Тойшыбек Ахметовтың атындағы жүлделерді
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЗАМАНАУИ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
  • «Абай әлемі» тақырыбында көрме
  • «Абай даналығы» жобасы

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    06 май Конкурс жариялайды Саз мектебі

    06 май Конкурс жариялайды

    09 апрель Хабарландыру

    Жаңалықтар топтамасы