Байдыбек ауданы білім бөлімі

    «Абай даналығы» жобасы


    Облыстық білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасынның аясында ұсынылған 21.09.2017 жылғы №329 санды хатын басшылыққа ала отырып «Абай даналығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 49 білім беру ұйымдарында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
              Атап айтқанда, желтоқсан-қаңтар айларында мектептер бойынша атқарылған іс-шаралар: «Жүзімдік» жалпы орта мектебінде «Абай даналығы» жобасына байланысты іс-шара жоспары жасалып, «Абай әлемі» клубы мектепішілік құрылды. Клубқа жетекші болып  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Айымбет сайланды. Абай мұрасын насихаттау, талдау  мақсатында  5-10 сынып жетекшілері мен  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері «Абай және оның әндері» тақырыбында кіріктірілген сабақтар және «Абай –дара, Абай-дана қазақта» тақырыбында тәрбие сағаттарын  өткізді. 8-10 сынып оқушылары арасында «Абай ауылына саяхат» тақырыбында  әдеби монтаж ұйымдастырылды. Әдеби монтажға 8-10 сынып оқушылары қатыстырылып, Абайдың балалық шағы мен есейген шағы арасында көріністер көрсетілді.
             «Теректі жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде  2018-2019 оқу жылында Абай  шығармаларын  насихаттау, жас  ұрпаққа үлгі-өнеге беру мақсатында желтоқсан айында мына төмендегідей жұмыстар  атқарылды. 08.12.2019 жылы 8-10-сыныптар оқушылары арасында «Абай  шығармалары менің зерттеу еңбегімде» тақырыбында оқушылардың  ғылыми зерттеу жоба жұмыстары ұйымдастырылды. Ғылыми жоба  барысында оқушылар Абай шығармашылығына жан-жақты талдау жасап, ақын еңбектерінің ғылымилығына жан-жақты шолу жасады. 10-сынып  оқушысы Әмір Сұлтан «Абай  өлеңдерінің  құрылысы» тақырыбында  ғылыми жоба жұмысын қорғап, ақын өлеңдеріндегі бунақ, тармақ, ұйқас  түрлеріне  басқа  ақындар  шығармашылығымен  салыстыра  отырып  талдау  жасады. Сондай-ақ, 9-сынып оқушысы Шегебек Сымбат  «Абай қарасөздері-ақыл мен даналық көздері» тақырыбындағы ғылыми жоба еңбегінде  қарасөздердің  тағылымдық  құндылығын насихаттап, терең  түсінік  берді.
     8-сынып оқушысы Төлеген Бақдәулет «Абай аудармалары» тақырыбында  ғылыми зерттеу жоба жұмысын көпшілікке таныстырды. Ғылыми жоба  жұмысына белсене қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан  мадақтамаға  ие  болды.  Желтоқсан айының 22 жұлдызы күні қазақ  тілі  мен  әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 10-8-сынып оқушылары  арасында «Абай деп соққан жүректер» тақырыбында әдеби эссе байқауы  ұйымдастырылды. Эссе байқауында оқушылар эссе құрылымын сақтай  отырып, дәлелдемелер келтіріп Абай туралы өздерінің ізденістерін таныта  білді. Эссе байқауының қорытындысы бойынша өзінің ойының жүйелілігін  таныта білген 10-сынып оқушысы Сапар Ернат бас жүлдеге, 10-сынып  Диханбек  Гүлназ 1-орынға, 8-сынып оқушысы Тұрсын Ғайни 2-орынға  және 9-сынып оқушысы Серікбай Жадыра 3-орынға ие болып, арнайы  марапаттауларға ие  болды. Алдағы  уақытта  «Абай  әлемі» клубы жетекшісі  Н.Жайлаубаева және клуб мүшелерінің қатысуымен басқа да шаралар  ұйымдастыру  қолға  көзделіп   отыр. Бөген ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі        А.Ермаханова «Абай даналығы» жобасын іске асыру іс-шарасының жоспарына сай Абай әлемі клубына мүшелікке қабылдау рәсімін ата-аналардың қатысуымен мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Дүйсенова ұйымдастырып клубтың мақсатын түсіндірді. Салтанатты түрде өткізілген іс-ашарада «Әлемге танылған Абай» тақырыбында іс-шара барысында 8-9 сыныптың оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Шара барысында өлеңдерді жатқа айтқан оқушылардан үздік шыққан екі оқушы логикалық ойынға қатысты. Бұл ойыннан А.Баймахан жеңімпаз атанды. Белгіленген жоспар бойынша  сөзжұмбақтар сайысы өтіп, нәтижесінде 10-сынып оқушылары  сайыстың жүлдегерлері деп танылды. Үздік шығармалар жазу конкурсы Бимурзаева Лаураның ұйымдастыруы бойынша өз дәрежесінде өткізілді. «Абай –ұлт биігі» атты тақырыпта кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, электронды оқулық арқылы Абай мұраларымен танысты. Сонымен қатар Абай еңбектеріне «Абай-қазақтың бас ақыны» тақырыбында эссе байқауы өтті.
     С.Ерубаев атындағы ЖОМ А.Байзақовтың ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа!» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сондай-ақ, 2018 жылы «Абай даналығы» жобасының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, Семейге барып келген 10-сынып оқушысы Бурабек Нүриламен кездесу ұйымдастырып, ақынның туған жерінен алған әсерімен бөлісті.
     С.Әбдіжаппаров атындағы ЖОМ «Ұлылар үндестігі» дөңгелек үстел           9-сыныптар аралығында өткізілді. Ақын өміріне арналған бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар бір-бірімен өзара пікірлесті. «Қарасөздер қасиеті» тақырыбында пікірталас 8-сынып оқушылары арасында өткізілді. Пікірталас барысында пән мұғалімі К.Кәрібаева Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген нақыл сөзімен ашып, оқушыларға Абай қарасөзінің құндылығы туралы айтып өтті. Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтей отырып, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтауға, Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін, моделінің жобасын жасауға үйретті. Абай қарасөзінің білімнің қайнар көзі болып табылатындығына тоқтала отырып оқушылармен өз ойларын бөлісті. Оқушылар өз пікірлерін айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар бүгінгі болашақ жас буын Абай шығармашылығына бей-жай қарамайтынын, оның шығармашылығы қалай қызықтыратынын дәлелдеді. Слайдтан түрлі суреттер мен кестелер бойынша жұмыстар жүргізілді. Желтоқсан айында  М.Әуезов «Абай жолы» романынан «Бір үзік сыр» тақырыбында 7-10 сынып  оқушылары сахналық көрініс көрсетті. М.Әуезовтың «Абай жолы» романының әр бөлімін оқушылар  қолдарынан келгенінше сахналауға тырысты. Атап айтқанда  «Қайтқанда» деп аталатын бөлімін 7-сыныптардан іріктелген оқушылар жақсы көрсете білді. «Қат-қабатта» деп аталатын бөлімін 8-сынып оқушылары өте жақсы сахналай білді. «Шытырманда» деп аталатын бөлімін 9-сыныптардан іріктелген оқушылар сомдаса, «Бел-белесте» деп аталатын бөлімін 10-сыныптан құралған оқушылар керемет сомдады. Абай аудармаларын  6-7 сынып оқушылары  екі тілде (қазақ,орыс)  мәнерімен  орындады.
     «Жиенқұм жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Абай даналығы» жобасы  туралы қаңтар айында  іс-шара жоспары бекітіліп, біршама игі істер атқарылды. 10.01.2019 жылы  Абай ақындығы  бөлімі бойынша «Абай – сыршыл ақын» тақырыбында 9-11 сыныптар аралығында пікірталас болып өтті. Пікірталас барысында оқушылар Абай шығармалары және Абай өлеңдеріндегі азаматтық лирика туралы да өз ойларын ортаға салды. 11.01.2019 жылы 10-сынып жетекшісі А.Қалназарова «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты тақырыпта  тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының барысында оқушылар Абай лирикасы, поэмалары мен аудармалары, Абайдың білім алуы және оның зиялы достары туралы да айтып өтті. 14.01.2019 жылы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Абай оқулары»  байқауы  өткізілді. Байқауда оқушылар қазақтың ұлы ақыны Абай  Құнанбайұлының өлеңдерін мәнеріне келтіре оқып, әндерін нақышына келтіріп орындады.
           Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінде «Абай даналығы»  жобасына байланысты іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 8-10 сынып оқушылар арасында «Қазақтың бас ақыны» тақырыбында үздік шығармалар байқауы өтті. Жақсы қатысқан оқушыларды анықтап, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. Кітапханашы  А.Түйменовамен бірлесе отырып, «Абай – ұлт биігі» атты кітап көрмесі болып өтті. Бұл іс-шараға     8-11 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптың оқушылары өздерінің оқыған кітаптарынан үзінділер айтты. Желтоқсан айында 8-11 сыныптар арасында Абайдың қарасөздерін жатқа оқу мақсатында байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.  Оқушылар арасында Абай еңбектерінен эссе жұмысы жазылды. Қаңтар айында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі П.Ағабекқызы 7-сынып оқушыларымен «Абай мұрасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып, онда тақырыпқа байланысты оқушылармен Абай мұралары жайлы мәліметтерді кеңінен  талдап, тарқатып айтып берді.
     Қосбұлақ негізгі орта мектебінде «Абай даналығы» жобасы негізінде жаңа оқу жылына арналған іс-жоспары түзілді. 08.12.2018 жылы «Абай – ұлт биігі»  тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Көрме 3 кезеңнен тұрды:   1. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді.               2. Абайдың кітаптарымен және Абай туралы кітаптармен таныстырылды. Түрлі фотосуреттерді тамашалады. 3. Жас маман Б.Ережептің ұйымдастыруымен «Квест» ойыны. Тапсырмалары Абай шығармаларына байланыстырылып алынған. 12.12.2018 жылы «Ұлылар үндестігі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 8,9-сынып оқушылары қатыстырылды. 12.01.2019 жылы Абай мұрасын талдау мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. 5-9 сыныптарда өткізілген тәрбие сағаттарында оқушылар ақын туралы біраз мәліметтер білді.
      Қазіргі таңда барлық мектептерде «Абай даналығы» жобасына байланысты іс-шаралар  жалғасуда. 



    Похожие новости
  • Ардагер ұстаз Тойшыбек Ахметовтың атындағы жүлделерді
  • Жалпы халықтық диктант қорытындысы туралы
  • «Абай әлемі» тақырыбында көрме
  • «Халқымыздың салт-дәстүрлері»
  • Рухани жаңғыру» бағдарламасынның аясында

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    06 май Конкурс жариялайды Саз мектебі

    06 май Конкурс жариялайды

    09 апрель Хабарландыру

    Жаңалықтар топтамасы